НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 7 КГ және 25 КГ БОЛЫҚТАР САТЫЛАДЫ!
Неліктен Praktik желісі?
Сенімді сапа
Федералдық өндірушіден эконом-сегмент.
Қосымша жақсартылған сипаттамаларынсыз негізгі рецептуралар пайдаланылады.
Құны
Praktik — бұл өндіру кезінде қаптама құны, жарнама шығыстары және т. б. барлық ілеспе шығындары барынша азайтылған өнімдер. Бір сөзбен айтқанда, өнімнің сапасына тимей, барлығын үнемдеген.
Praktik Төбелерге арналған бояу
Қолдану саласы
Құрғақ орынжайларда төбелер мен жоғарғы панельдерді бояу үшін арнайы әзірленген құрам.

Бояуды бетонды, сылақты, гипс-қатырма, кірпішті, ағаш қабаттарға жағуға болады.

Салмағы: 7; 13 кг
Қасиеттері
АСА АҚ КҮҢГІРТ
ЖЫЛДАМ КЕБЕДІ
ОҢАЙ ЖАҒЫЛАДЫ
ҚҰРҒАҚ ОРЫНЖАЙЛАРҒА АРНАЛҒАН
ТАМШЫЛАР МЕН АҚҚАН ІЗДЕРДІ ҚАЛДЫРМАЙДЫ
КЕҢІСТІКТІ КЕҢЕЙТЕДІ
Машинамен және қолмен жағу үшін
САПАЛЫ ЖӘНЕ БІРКЕЛКІ БОЯУ
ҚАРДАЙ АҚ ЖІБЕК ТӘРІЗДІ ЖАБЫН ӘСЕРІ
Praktik Интерьерлік бояу
Қолдану саласы
Ылғалдылығы қалыпты орынжайларда қабырғалар мен төбелерді бояуға арналған.

Бояуды бетонды, кірпіш, ағаш талшықты және ағаш жоңқалы тақталарға, сылақталған, бұдан бұрын боялған (бірақ жылтыр емес) беткі қабаттарға, бояуға тағайындалған түсқағазға және беткі қабаттарға жағуға болады.

Салмағы: 7; 13; 25 кг
Қасиеттері
АППАҚ
ЖЫЛДАМ КЕБЕДІ
ОҢАЙ ЖАҒЫЛАДЫ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ҚҰРҒАҚ ЖИНАСТЫРУҒА ЖАРАМДЫ
БУ ӨТЕТІН ЖАБЫН
Машинамен және қолмен жағу үшін
САПАЛЫ ЖӘНЕ БІРКЕЛКІ БОЯУ
Praktik Жуылатын бояу
Қолдану саласы
Ылғалдылығы қалыпты және жоғары (ас бөлмелері, ванна бөлмелері, дәліздер) орынжайларға арналған. Жууға төзімділігін талап ететін қабырғалар мен төбелерге арналған.

Бояуды бетонды, сылақты, гипс-қатырма, кірпішті, ағаш қабаттарға жағуға болады. Құрылымдық-талшықты түсқағазға, шыны түсқағазына қолдану үшін кеңес беріледі.

Сумен сүртуге арналған 3-ші класс төзімділігі DIN EN 13300/ISO11998


Салмағы: 7; 13; 25 кг

Қасиеттері
АҚ КҮҢГІРТ
ЖЫЛДАМ КЕБЕДІ
ОҢАЙ ЖӘНЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒЫЛАДЫ
ЫЛҒАЛДЫ ЖИНАСТЫРУҒА ЖАРАМДЫ
ЖҰМСАЛУЫ ҮНЕМДІ
Машинамен және қолмен жағу үшін
Praktik Фактуралық бояу
Қолдану саласы
Praktik фактуралы бояуы сәндік әрлеуге және ғимараттар мен құрылымдардың жабынында бедер жасауға, сондай-ақ орынжайлардың, с. і. ылғалдылығы жоғары (асүйлер, жуыну бөлмелері, дәліздер) орынжайлардың ішіндегі әрлеу жұмыстарына арналған.

Бояуды бетон, кірпіш, сыланған, гипсті, гипс-қатырма жабындарына, сондай-ақ бұрын су-дисперсиялы бояумен боялған жабындарға жағуға болады.

Салмағы: 14 кг
Қасиеттері
АҚ КҮҢГІРТ
ЖЫЛДАМ КЕБЕДІ
ОҢАЙ ЖӘНЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒЫЛАДЫ
БЕТКІ ҚАБАТТЫҢ ҰСАҚ ТЕГІССІЗДІКТЕРДІ КӨРСЕТПЕЙДІ
ЖЕҢІЛ ЫЛҒАЛДЫ ЖИНАУҒА ҚОЛАЙЛЫ
АРНАЙЫ ДАЙЫНДАУДЫ ТАЛАП ЕТПЕЙДІ
Машинамен және қолмен жағу үшін
ӘРТҮРЛІ СӘНДІК ӘСЕРЛЕРДІ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН

БОЯЛАТЫН БЕТКІ ҚАБАТПЕН БЕРІК ІЛІНІСУ

ФАКТУРА ҮЛГІЛЕРІ
Осымен фактуралары аяқталмайды.
Барлығы қоласты құралдарына, дағдылар мен қиялға байланысты болады.
ҚҰРАЛДАР
Фактурасы ерекше құрамына ғана емес, бірақ жағу үшін таңдалған құралға да байланысты болады.
Қатты кең қылшақ
Материалды қабырғаға тік, айқаспа, көлденең, толқын тәрізді және басқа қимылдар көмегімен жағуға болады.
Тарақ
Сирек оюы бар ашық көрінетін бедер үшін қолданылады. Қылшақ сияқты қолданылады.
Қалақ
Беткі қабатқа бояғыш қатаң, шұғыл жағу әрекеттерімен жұқа қабатпен жағылады. Нәтижесінде тас тәрізденуі болып шығуы тиіс. Бұл тәсілді дағды болмай, бірден игеру оңай емес.
Пішінді білікше
Құралдың бедерлі беті бар, оның сыртқа қарай шығыңқырайтын оюы жаңа бояуда басылып қалады. Текстура үзілмеу үшін қабырға учаскесін бүкіл биіктігінен (еденнен бастап төбеге дейін) өңдеген жөн.
Күрекше
Бояғышты екі қабат жағу есебінен жүргізіледі. Бірінші қабатпен жұмыс істеу үшін қалақты, ал екінші қабатпен — күрекшені пайдалану керек. Әрлеу кепкен соң бір тәуліктен кейін беткі қабатқа тері ысқышы көмегімен ақ (күңгірт) эмаль жағылады.
Поролон немесе тері ысқышы бар білікше
Қабырға үстінен жоғары-төмен қарай домалату жолымен біркелкі бұдырлы беткі қабат жасау үшін пайдаланылады. Фактура ысқыш құрылымына немесе оның қыл әртүрлілігіне байланысты болады.
«Өзің жаса»
(Резеңке қолғаптағы) саусақтармен, білікшені шүберектермен немесе жіппен орап (бамбук сабақшаларының әсері), ылғалды шүберекпен соғу және т. б. Бұл тәсілдің артықшылығы, ешбір құрал қажет емес, ал өз қол мен саусақ көмегімен кез келген ою жасауға болады, барлығы сіздің қиялыңызға байланысты болады.
Табиғи ысқыш, тоқыма немесе жұмсақ қағаз
Осы құрылғылармен жұмыс істеу үшін «қапталдау» технологиясын пайдаланған жөн. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа боялған беткі қабатқа материал көмегімен таңба басылады.
Praktik Қасбеттік бояу
Қолдану саласы
Тұрғын және әкімшілік ғимараттардың қасбеттерін бояуға арналған.

Бояуды кірпіштен, бетоннан, асбестті цементтен жасалған, сыланған және атмосфералық әсерлерге ұшыраған, бұрын боялған беткі қабаттарға, сондай-ақ орынжайлардың ішінде пайдаланылатын, ылғалды жинастыруға және жууға төзімді беткі қабаттарды алу үшін жағуға болады. Цокольдерді боямауға ұсыныс беріледі.

Салмағы: 7; 13; 25 кг
Қасиеттері
АҚ КҮҢГІРТ
ЖЫЛДАМ КЕБЕДІ
ТАМАША АДГЕЗИЯ
ОҢАЙ ЖӘНЕ БІРКЕЛКІ ЖАҒЫЛАДЫ
Машинамен және қолмен жағу үшін
АТМОСФЕРАҒА ТӨЗІМДІ, БУ ӨТКІЗЕТІН
Praktik Бетон-байланыстыру тегістегіші
Қолдану саласы
Ішкі және сыртқы жұмыстарға арналған.

Тегістегіш тығыз тегіс негіздерді: бетон және газ-бетонды негіздерін, гипс, гипс-әқтасты, әқтасты-цементті және басқа да сылақ түрлерін, цементті бітеуіштерді, гипс-қатырманы тегістеуге арналған.

Берік бекітілген майлы немесе пентафталь бояуда, ескі керамикалық тақташада пайдалануы мүмкін. Сылақ жағу, керамикалық тақташа қаптау алдында пайдалану үшін сәйкес келеді. Қолмен жағуға арналған.


Салмағы: 14 кг
Қасиеттері
ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН
КЕЙІНГІ ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ АДГЕЗИЯСЫН АРТТЫРАДЫ
АЗ СІҢІРГІШ ТЕГІС НЕГІЗДЕМЕЛЕРДІ АЛДЫН-АЛА ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН
ЖАҚСАРТЫЛҒАН МАУСЫМНАН ТЫС ФОРМУЛА
Praktik Терең сіңіріп тегістегіш
Қолдану саласы
Ішкі және сыртқы жұмыстарға арналған¹.

Тегістегіш қатты және орта сіңіретін бетонды, газ бетонды, кірпішті, ағаш, цементті, цементті-құмды, гипс, гипс-қатырма негіздемелерін тегістеуге арналған.

Қаптау, сылақтау, құйма еденді, тұтастырулар мен басқа жабындарды жасау алдында қабырғалар мен еден беткі қабаттарын алдын ала дайындау, сондай-ақ тұсқағазды бояу мен жабыстыру үшін жарайды.

Салмағы: 10 л

¹ ҚЖОК жүйені және құйма еденді құру алдында қолданудан басқа.
Қасиеттері
ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН
КЕЙІНГІ ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ АДГЕЗИЯСЫН АРТТЫРАДЫ
НЕГІЗДЕМЕНІҢ БЕТКІ ҚАБАТЫН НЫҒАЙТАДЫ
ЖАҒЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ШЫҒЫНЫН АЗАЙТАДЫ
ЖАҚСАРТЫЛҒАН МАУСЫМНАН ТЫС ФОРМУЛА
Praktik Құрылысқа арналған ПВА желімі
Қолдану саласы
Қағаздан жасалған бұйымдарды, жеңіл тұсқағаздарды жапсыру үшін қолданылады.

Модификатор ретінде құрғақ қоспалардың, сылау, тегістеу құрамдарының қасиетін жақсартуда қолдануы мүмкін және олардың адгезиялық қасиеттерін арттырады.

Беткі қабаттарды тегістеп бояу үшін қолданылады (сумен сұйылтуға болады 1:2).


Салмағы: 10 кг
Қасиеттері
ҚОЛДАНУҒА ДАЙЫН
ОҢАЙ ЖАҒЫЛАДЫ
НЕГІЗДЕМЕГЕ АДГЕЗИЯНЫ АРТТЫРАДЫ
ҚҰРЫЛЫС ҚОСПАЛАРЫНА ЖАҒУҒА АРНАЛҒАН ҚОЛАЙЛЫ КОНСИСТЕНЦИЯ АРТТЫРАДЫ
ТЕРІС ТЕМПЕРАТУРАЛАР КЕЗІНДЕ ТАСЫМАЛДАНУЫ МҮМКІН
Call
Close
Close
Сұрақтар туындады ма? Бізге қоңырау шалуыңызға болады!