ГИДРООҚШАУЛАУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Барлық құндылықтарымен салыстырғанда да қаптауыш тақшалар гидрооқшаулауды ауыстыра алмайды. Сынды элементтер болып жіктер қалады. Жіктер арқылы негізге су өтуі мүмкін, ол ұзақ мерзімді зақым келтіреді: суға қанығып, негіздері бұзылады; көгеру мен зең туындайды.

Жақын уақытқа дейін жөндеу жұмыстарын орындау барысында құрылысшылар ванна бөлмесінің гидрооқшаулауын елемейтін болатын, ал бұл, өз кезегінде, тұрғындардың көптеген жағымсыз мәселелерін тудырады.
Енді бұл мәселелер шешіледі! Ең бастысы — алдын ала ойланып, дұрыс гидрооқшаулауды таңдау керек. Дұрыс гидрооқшаулау материалдардың бұзылуын қақпалайды, төмендегі көршілерді сумен басып кету тәуекеліне жол бермейді, сыртқы ылғалдан, сондай-ақ адам денсаулығы үшін зиянды микроағзалардан қорғайды.
ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ
Душ, ванна бөлмелері, кір жуатын орынжайлар, ас үйлері, лоджиялар, жер төле қабаттарына және ылғалдануға жиі ұшырайтын, керамикалық тақташалармен қапталған басқа да орынжайларға арналған.
HYDRO-TEC MEMBRANE
ЖАҢА ҚҰРЫЛЫСТАР ҮШІН МІНСІЗ БОЛАДЫ
Майыспайды және үй отырған кезде негіздің сызаттарын бітеп, үй отырыуын төзеді.
HYDRO-TEC MEMBRANE БҰЛ:
270 % дейін иілгіштік & жіксіздік
1 мм-ге дейін жарықтарды жабу
Жылы еден, инсталляция мен гипс-қатырманы гидрооқшаулау
Қолдануға дайын материал
Ағып кетуден 100 % қорғаныс
Түйіскен жерлер мен бұрыштарда да оңай жағу
Көгеру мен зеңнен қорғаныс
Экологиялық қауіпсіз микроклимат
Негізбен жабысуының беріктігі жоғары
ГИДРООҚШАУЛАУДЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?
Су көздері бар ылғалды орынжайлар «ылғалдану аймақтарында» міндетті түрде гидрооқшаулануы тиіс:
  • еденнің бүкіл беткі қабаты бойынша;
  • еденнің беткі қабатынан биіктігі кемінде 10 см қабырғалардың төменгі бөлігінде;
  • кемінде 50 см шегінен тыс қамтылған душ кабиналарында қабырғалардың бүкіл беткі қабаты бойынша;
  • (араластырғыш немесе душтың су құйғышы) су көзінен жоғары биіктігі кемінде 20 см және ванна мен шұңғылша жиегінен жан-жаққа кемінде 50 см, шұңғылша мен ванна артындағы қабырғалардың учаскелерінде;
  • гипс-қатырмадан жасалған құрылмалардың бүкіл беткі қабаты бойынша.

HYDRO-TEC MEMBRANE тақталарды қаптау алдында жағылады.


BERGAUF ГИДРООҚШАУЛАУ ЖҮЙЕСІ

1. Жылыстауларды жою (бар болғанда) — BERGAUF HYDROPLOMBA.
2. Негізді терең өтетін BERGAUF TIEFGRUNT тегістегішімен өңдеу.
3. BERGAUF HYDRO-TEC-MEMBRANE гидрооқшаулауының бірінші қабатын жаққыш, тері білікшесінің немесе қалақша көмегімен жағу.
4. Гидрооқшаулаудың бірінші қабатына жабыстыру жолымен бұрыштық және қосушы жіктерді BERGAUF HYDROLENTA су өткізбейтін таспасымен бітеу.
5. BERGAUF HYDRO-TEC-MEMBRANE гидрооқшаулауының екінші қабатын жағу.
6. (Тақта түріне, пішіміне және қолдану саласына байланысты) BERGAUF KERAMIK PROFI/BERGAUF MAXIMUM PLUS/BERGAUF GRANIT/BERGAUF MOSAIK желім көмегімен қаптауыш тақташаларды бекіту.
7. Қаптау жіктерін BERGAUF ELAST PREMIUM су жұқпайтын сүрткішімен толтыру.
HYDRO-TEC MEMBRANE
  • Bergauf-тан инновациялық технология
  • Жаңа құрылыстар үшін мінсіз болады
  • Жіксіз, иілімді
  • Үй отыру барысында туындайтын сызаттарды жабады
  • Жылы кеден үшін қолайлы
  • Инсталляция мен гипсокартон үшін қолайлы
  • Жоғары су өткізбеушілік — W2